Республика күніне орай Saginov Technical University-де салтанатты жиын өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 25 қазан – еліміздің Ұлттық мерекесі – Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символына айналған маңызды мереке. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері, сондай-ақ құрметті қонақтар қатысты.

Басқарма төрағасы – Ректор Сагинтаева Сауле Саветовна жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күні – мемлекеттіліктің қалыптасуы мен егемендіктің бастауы екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген ұстаздар мен қызметкерлерге алғысын білдіріп, бірқатар үздік қызметкерлерді марапаттады.

Қазақстан Республикасы ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім Министірлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Курмашева Б.К. марапатталады. Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім Министірлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен Несипов Р.Р. марапатталады. «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Жанысбай С.Ж., Тимралиева А.А., марапатталды.

 

«Жоғары және жоғары оқу орнынан алған білімі ісінің үздігі» құрмет дипломымен Султанова Л.М., Жунусбекова Ж.Ж. марапатталады. «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен Амиров А.Ж., Хуанган Н. марапатталды. «Тіл жанашыры» құрмет дипломымен Жүнісбек А.Ж., Аубакирова А.Т., марапатталды.

«Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен» Калиаскаров Н.Б., Боровкова Е.В., Қасымжанова А.Д., Ахмедиев С.К., Айтбаев Н.Б., Макалаков Т.Ж., марапатталды.

«Ғылым және жоғары білім министрінің Алғысы» алғыс хатымен Адамова Г.Х., Какенова М.Ж., Шебалина О.А., Оразалы Е.Е., Шерембаева Р.Т., Исаев В.Л., Нургалиева А.Д, Сагатбекова Д.Е., Айдарханов М.К. марапатталды.

Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен Сагатова Г.К., Мустафина Л.М., Сембаева Г.Н., Шарипова Р.М., Жасарова Д.Ж., Федорчук Н.Ф., Серикова А.О. марапатталды.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің дипломымен Кызыров К.Б. марапатталды.

Облыстық ағарту, ғылым және жоғары білім беру қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен Мухамедьяров Д.З., Рабатұлы М. Оразбекова А.А. марапатталды.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы  Нурпеисова С.К. берілді. Басқарма Төрағасы — Ректордың құрмет грамотасымен Оракбаева А.К., Даникина. Т.С., Игемберлина М.Б., Тлеугабылова М.К., Ахметова Д.Р., Бигалиева А.З.  марапатталды.

Мерекелік шара студенттердің концерттік бағдарламасымен жалғасып, ұжымның Республика күніне орай түсірген құттықтау бейнебаянымен аяқталды.

Без рубрики