«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Металлургия және машина жасау факультетінің деканы, «КазГидроМедь» ЖШС-нің басшыларымен және мамандарымен «Металлургия және жаңа материалдар», «Химия және химиялық технологиялар» кафедралары ғалымдарының қатысуымен техникалық кеңес өткізді.
Іс-шараның мақсаты — «Металлургия және жаңа материалдар», «Химия және химиялық технологиялар» кафедралары мен «КазГидроМедь» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар маңызды мәселелерін талқылау болды.
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ атынан іс-шараға:
Макашева Астра Мундуковна – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Металлургия және машина жасау факультетінің деканы, профессор, т. ғ. д., Такибаева Алтынарай Темірбекқызы – «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к., Аубакиров Дастан Рахметоллаевич – «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының меңгерушісі, PhD, Шерембаева Рымкеш Тюлюхановна – «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті, т. ғ. к., Нарембекова Айтбала – «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), т. ғ. к., Кинаятов Марғұлан Асқарұлы – «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, т. ғ. м. қатысты.
«КазГидроМедь» ЖШС тарапынан:
Олейникова Татьяна Ованесовна – «КазГидроМедь» ЖШС директоры, Терентьева Ирина Владимировна — ғылыми-техникалық құжаттама департаментінің директоры, Қорабаев Арғын Саматұлы – директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, т. ғ. м., Каримова Люция Монировна – металлургия зертханасының бастығы, доцент, т. ғ. д., Тусупбекова Таншолпан Шугайбековна — байыту зертханасының бастығы, т. ғ. м. қатысты.
Сапар барысында оқу және ғылыми бағыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған кеңес өткізілді. Кездесу нәтижесінде бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Сонымен қатар қатысушылар кәсіпорынның негізгі өндірістік учаскелері мен зертханаларын аралап, олардың жұмысымен танысты.

