2025 жылғы 22 қазанда «Жастар әлемі» орталығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттеріне арналған кездесу өтті. Шараға білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі спикері – Бахыт Оспанов, Berik & Bayan Kaniyev Foundation қорының стипендиялық бағдарламалар директоры және Duke University (АҚШ) университетінің өкілі. Ол қатысушыларға әлемдік деңгейдегі магистратурада білім алу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары мен стипендиялық бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында:
- Асқар Сағынов, профессор Әбілқас Сағыновтың немересі;
- Адиль Упабеков, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, бизнесмен;
- Лаура Бексеитова, депутат Ә. Упабековтың ассистенті болды.
Кездесуге қатысушылар мұндай бастамалардың жастардың халықаралық білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, дарынды жастарды қолдауға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті: студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, шетелде оқу ерекшеліктері мен гранттық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Осындай кездесулер университет пен халықаралық білім беру қорлары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қазақстандық жастардың жаһандық білім кеңістігіне енуіне жол ашады.