2025 жылы көрнекті ғалым, академик Әбілқас Сағыновтың туғанына 110 жыл толуына орай еліміздің оқу орындарында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы мерейтой аясында Қарағанды техникалық университетінде, 15-қазанда «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасында, куратор А. Ж. Жалдыбаева ЛОГ-25-3 тобымен «Академик А. Сағынов – ғалым және Қазақстандағы жоғары техникалық білім берудің ұйымдастырушысы, Қарағанды техникалық университетінің негізін қалаушы» тақырыбында танымдық мастер-класс өтті.
Мастер-класстың мақсаты – көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағыновтың еңбегін дәріптеу және жастарды білімге, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ұлы академиктің өмір жолы мен еңбектеріне арналған бейнематериалдар көрсетіліп, Лог-25-3 тобының студенттері Кулокова София мен Лопатин Глеб баяндама жасады.
Қатысушылар арасында «Шындық пен жалған» атты ойын және Kahoot онлайн-викторинасы өткізілді.
Мастер-класс соңында студенттер «Атамекен» әнін орындады. Қорытынды сөз сөйлеген куратор А.Ж. Жалдыбаева жастарды академик Әбілқас Сағыновтың өнегелі өмірін үлгі тұтуға, ғылым мен білім жолында табанды еңбек етуге шақырды.
Мастер-классқа:
Рухани-адамгершілік тәрбие кеңесінің мүшесі Ш.А. Жетпісбай; ТТ-25-1 тобының кураторы Л.М. Кулейменова;
ТТ-25-2 тобының кураторы М.Т. Оспангалиева;
Сиб-23-4 тобының кураторы Г.С. Байпелова;
Сиб-23-3 тобының кураторы А.Е. Кенжебекова қатысты.