«Жоғары тектоникалық белсенділік байқалатын аймақтардағы тау-кен өнеркәсібі нысандарының сақталуын қамтамасыз ететін пайдалы қазбалар кен орындарын өндірудің ресурстарды үнемдейтін технологияларын әзірлеу» – жоба жетекшісі Мусин А.А.


 Өзектілігі
Мәселенің өзектілігі – кен орындарын игеру кезінде ресурстарды үнемдеуді арттыру және қазіргі жоғары тектоникалық белсенділігімен сипатталатын аймақтарда орналасқан тау-кен өнеркәсібі нысандарының сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Ең үлкен қауіп сейсмикалық энергияның бөліну процестері әлі де жалғасып жатқан таулы жерлердегі тау-кен өнеркәсібі объектілеріне төнеді.

Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат
Жобаны іске асыру нәтижесінде көлбеу және көлденең орналасқан пайдалы қазбалары бар кен орындарын өндірудің ресурстарды үнемдейтін технологиясы жасалады. Ол рудниктің тау-геологиялық, тау-техникалық және соққы қаупі бар жағдайларын, сондай-ақ тау-кен жұмыстарын дамыту ерекшеліктерін ескере отырып, тау-кен өнеркәсібі нысандарының сақталуын қамтамасыз етеді. Зерттеу нәтижелері болашақта жерасты кен орындарын игеру технологиясын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Қолдану саласы
Жоғары тектоникалық белсенді аймақтарда жерасты тау-кен қазбаларын жобалау кезінде қолданылады.

Без рубрики