Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаеваның жетекшілігімен «Казгидромедь» ЖШС кәсіпорнында іс-сапармен болды.
Делегация құрамында аппарат басшысы, т.ғ.д., профессор Аристотель Исагулов, Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және цифрландыру бойынша проректор Тимур Канапиянов, Басқарма мүшесі — Ғылым және инновация жөніндегі проректор — Али Мехтиев, «Металлургия және машина жасау» факультетінің деканы Астра Макашева, «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының меңгерушісі Дастан Аубакиров, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Алтынарай Такибаева болды. «Казгидромедь» ЖШС директоры Татьяна Олейникова кездесу өткізді.
Кездесу барысында делегация мүшелері кәсіпорынның өндірістік құрылымымен және зертханалық базасымен танысты. «Казгидромедь» ЖШС директоры қонақтарға зауыттағы негізгі технологиялық үдерістер, өндірістің ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу бағыттары жөнінде ақпарат берді.
Тараптар кадр даярлау, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік оқыту саласында өзара серіктестік орнату мүмкіндіктерін талқылады.