Saginov Technical University делегациясы «Сантехэнергопроект» ЖШС жобалау институтында іс-сапармен болды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаеваның жетекшілігімен «Сантехэнергопроект» ЖШС жобалау институтында іс-сапармен болды.

Делегация құрамында аппарат басшысы, т.ғ.д., профессор Аристотель Исагулов, Басқарма мүшесі — Ғылым және инновация жөніндегі проректор — Мехтиев Али, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Токанов Данияр, «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Иманов Еділ, Жастар саясаты департаментінің директоры Гүлден Адамова болды.

«Сантехэнергопроект» ЖШС директор орынбасары Варзегов Владислав Ярославович STU делегациясын жобалау институтының қызметімен таныстырды. Кәсіпорынның инженерлік жүйелер мен коммуникацияларды жобалау, жылу-сантехникалық және энергетикалық жүйелерді есептеу, техникалық сараптама мен жобалық құжаттама әзірлеу бағытындағы жұмыстар жайлы баяндады. Сондай-ақ мамандардың жұмыс үдерісін және жобаларды дайындау кезеңдерін көрсетті.

«Бізге кәсіби мамандар қажет, сондықтан университетпен тығыз байланыста болу — екі жақ үшін де тиімді деп ойлаймын», – деді Варзегов Владислав Ярославович.

Кездесу барысында тараптар білім беру, тәжірибелік оқыту және жұмысқа орналастыру бағытында өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Без рубрики