Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне Басқарма мүшесі — цифрландыру жөніндегі проректор тағайындалды


2025 жылғы 9 қазандағы жаңа проректорды тағайындау туралы Директорлар кеңесінің шешімімен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі — цифрландыру жөніндегі проректор лауазымына Амиров Азамат Жанбулатович тағайындалды.

Ұжымға жаңа басшыны таныстырған Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева Азамат Жанбулатович цифрландыру саласындағы жоғары кәсіби біліктілігі мен  тәжірибесін атап өтті.

Азамат Жанбулатович жаңа қызметінде өзінің тәжірибесін ескере отырып, оған артылған үмітті ақтай алатынына, жаңа қызметінде университеттің цифрлық экожүйесін дамыту, инновациялық технологияларды енгізу бағытында нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Амиров Азамат Жанбулатовичті жаңа лауазымымен құттықтаймыз! Оған жұмыста табыс, барлық мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!

Без рубрики