2025 жылғы 9 қазанда «Әлiбақас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподағының алғашқы ұйымы университеттің Омбудсмені мен заңгерлерімен бірлесе отырып семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерге корпоративтік этика нормалары, сондай-ақ еңбек заңнамасының нормалары жөнінде ақпарат беру болды. Семинарға 150 адам қамтылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттар түсінікті және ықшам тілде түсіндіріліп, еңбек заңнамасын сақтай отырып туындауы мүмкін өмірлік жағдайлар мен құқықтық жағдайларда әрекет ету алгоритмі жеткізілді.