Huawei – әлемдегі ең ірі өндіруші және телекоммуникациялық жабдықтардың жетекші жеткізушісі болып табылады. Сымбат Саматқызының айтуынша, Huawei компаниясы Қазақстанда Huawei ICT Competition 2025–2026 Roadshow атты білім беру турын және халықаралық Huawei ICT Competition байқауын ұйымдастырады және өткізеді. Бұл байқау студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы заманауи технологиялармен танысып, практикалық білім алуға мүмкіндік береді. Мұндай байқаулар бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және оған қатысқан қазақстандық студенттер жоғары дайындық деңгейін көрсетуде. Биыл Қазақстанда бастау алған Huawei ICT Competition 2025–2026 Roadshow білім беру туры елдің 48 университетін қамтиды. Мыңдаған студенттер, соның ішінде біздің университетіміздің жастары үшін де, бұл тур АКТ саласындағы әлемдік көшбасшыдан тікелей тәжірибе алу мен озық технологиялармен танысудың бірегей мүмкіндігі болмақ. Кездесу барысында студенттер Huawei ICT Academy бағдарламасы туралы толығырақ мәлімет алды. Бұл бағдарлама қатысушыларға эксклюзивті оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ байқаудың өткізілу шарттары мен қатысушыларға қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Айта кетейік, Сымбат Саматқызы атап өткендей, базалық курсты әркім өз бетінше оқып өтуіне болады. Кездесу соңында студенттерге өткен байқаулардың әсерлі атмосферасын бейнелейтін мотивациялық бейнеролик көрсетілді. Студенттерге ұсынылған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, алдағы байқауда сәттілік тілейміз!