2025 жылғы 1 қазаннан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Б.Р қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп, профессорлық-оқытушылық құраммен және бірінші курс студенттерімен кездесулер жоспарланған.
Іс-шараның тақырыбы – Университеттің қызметі туралы ақпарат беру, көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы, оқу ресурстары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу секілді өзге де маңызды мәселелерді қамтиды. Бұл ашықтыққа жол ашып, барлық мүдделі тараптарға Университет жұмысы туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.