30 қыркүйекте Saginov Technical University-де Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда университеттің 2024–2025 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары және 2025 жылғы студенттерді қабылдау нәтижелері қаралды.
Басқарма төрағасы – ректор Сауле Сагинтаева өз баяндамасында аталған кезеңдегі университет жұмысының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі атап өтті. Әсіресе барлық негізгі қызмет түрлері бойынша елеулі ілгерілеу бар екені айтылды.
Университет QS World University Rankings 2026 халықаралық рейтингінде әлемнің ең үздік университеттері қатарына еніп, 951–1000 диапазонынан орын алды. Ал бұл рейтингке енген 20 қазақстандық жоғары оқу орны ішінде ұлттық тізімнің ТОП-10 көшбасшылары қатарынан көрінді.
Бүгінде университетте 100 өзекті білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлануда. Олардың сұранысқа ие екені студенттер контингентінің өсуімен дәлелденуде. Биылғы жылы студенттерді қабылдау 15 пайызға артты.
Серіктес кәсіпорындармен жүйелі жұмыстың арқасында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайызға жетті.
Университет Қазақстанда жасанды интеллектті енгізуге бағытталған ұлттық «AI-Sana» бағдарламасына алғашқылардың бірі болып қосылды және аймақтық өкіл ретінде «якорлық» ЖОО мәртебесіне ие болды.
Оқу және ғылыми үдеріске Иран, Польша, Қытай, Түркия елдерінің жетекші мамандары тартылуда. Университет халықаралық ынтымақтастықты дамытып, жаһандық білім кеңістігіне интеграциялануда. Бүгінде 23 елдің 152 серіктесімен келісімдер жасалған.
Университеттің барлық білім беру бағдарламалары халықаралық деңгейде мойындалған, олар ACQUIN, НААР, НАОКО және Орталық Азия аккредитация қауымдастығы (САААЕ) сияқты агенттіктерде сыртқы бағалаудан өтті.
Қытай, Ресей, Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарымен бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде 8 қосдипломдық бағдарлама жүзеге асырылуда.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі де жоғары деңгейде. Бұған тұрақты өсіп келе жатқан қаржыландыру көлемі дәлел. 2024 жылы алғаш рет қаржыландыру көлемі 2040,2 млрд теңгені құрады.
2025 жылғы қабылдау қорытындылары туралы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары, «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Нурбол Маликов баяндама жасады.
Кеңесте ұсынылған баяндамалар негізінде университетті басқару тәсілдерін әрі қарай трансформациялау қажеттігі атап өтілді. Бұл ретте басты бағыттардың бірі – қолданыстағы цифрлық шешімдерді дамыту болуы тиіс.
Жалпы алғанда, университеттің 2024–2025 оқу жылындағы жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
Бүгінде 8 елден келген шетелдік студенттер университеттің халықаралық географиясын кеңейтуде. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мемлекеттік бағдарламаларды іске асыра отырып, білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және елдің кадрлық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.