Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімдері мен бұйрықтарына сәйкес университетіміздің бірқатар ғалымдарына ғылыми атақтар берілді.
2025 жылғы 10 шілдедегі №1131 бұйрықпен техника ғылымдарының кандидаты Балабаев Оюм Темірғалиевичке «Азаматтық және көліктік инжиниринг» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
2025 жылғы 11 шілдедегі №1147 бұйрықпен «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Юрченко Василий Викторовичке 20300 – «Машина жасау» (20301 – Машина жасау) ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
2025 жылғы 30 шілдедегі №1338 бұйрықпен экономика ғылымдарының кандидаты Бирюков Валерий Викторовичке 50200 – «Экономика және бизнес» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Барша әріптестерімізді ғылыми атақтарының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми жетістіктер мен табысты шығармашылық ізденістер тілейміз!