Saginov Technical University докторанттары жасанды интеллекттің тау-кен өндіру саласын цифрландырудағы рөлі туралы презентациялар өткізді.


 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасында ГДД-24-1з тобының докторанттары – Абылай Әлиев (ТОО «Корпорация Казахмыс») және Мейіржан Тагатов (ТОО «Kazakhmys Coal», «Жастар» разрезі) өз жобаларын ұсынды. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар аясында ұйымдастырылып, өзекті тақырыпқа арналды – «Жасанды интеллекттің тау-кен өндіру саласын цифрландырудағы рөлі».

Презентация барысында тау-кен саласының маңызы мен цифрландырудағы сын-қатерлер; жасанды интеллекттің негізгі технологиялары (машиналық оқыту, компьютерлік көру, NLP); ИИ-ді қолдану бағыттары: кен орындарын барлау, өндіруді автоматтандыру, қауіпсіздікті арттыру, экологиялық бақылау және талдау мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ әлемдік компаниялардың (Rio Tinto, BHP, Komatsu, GoldSpot Discoveries) тәжірибелері мысалға келтірілді.

Докторанттар атап өткендей, цифрландыру мен жасанды интеллект өнімділікті 30%-ға дейін арттырып, шығындарды 20%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді; апаттық тоқтап қалуларды қысқартып, қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейтеді, экологиялық бақылауды жақсартады және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетеді.

Жасалған тұжырым айқын: жасанды интеллект – Қазақстанның тау-кен өндіру саласының тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық факторы болып отыр. 

Без рубрики