29 қыркүйекте Saginov Technical University-де 2025-2026 оқу жылына арналған ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарлы іс-шараларды іске асыру шеңберінде Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Азамат Амиров пен коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Рустам Бузяковтың оқытушылар мен студент жастардың сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізген жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Жұмыс қорытындысы бойынша Басқарма мүшелері университеттің құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және осы көріністерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, аталған іс-шараларды іске асыру кезінде азаматтық қоғам институттарын тартуға бағытталған қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі практикалық іс-шараларды қамтамасыз ету тапсырылды.