ESG


1). Экономикалық құраушы Қоғамның қызметін ұзақ мерзімді құнның өсуіне, акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігін арттыруға, біршама жетілдірілген технологияларды құру мен дамытудағы инвестициялардың өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға бағыттайды.

2). Экологиялық құраушы биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсерді барынша азайтуды, шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануды, экологиялық, энергия және материал үнемдейтін технологияларды қолдануды, экологиялық қолайлы өнім жасауды, қалдықтарды барынша азайтуды, қайта өңдеуді, жоюды және өзге де тиісті қызметті қамтамасыз етеді.

3). Әлеуметтік құраушы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бағытталған, олар басқалармен қатар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың денсаулығын сақтау, қызметкерлердің құқықтарын әділ марапаттау және құрметтеу, персоналдың жеке дамуы, персоналға арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын өткізу және басқа да тиісті қызметтерді қамтиды.

  • Тұрақты даму саясаты
  • Тұрақты даму жөнінде есеп
  • Тұрақты даму саласындағы басқару жүйесінің құрылымы
  • Мүдделі тараптардың картасы
Без рубрики