Kutahya Dumlupinar University (Түркия) 2 айлық тағылымдамадан өту үшін магистранттар арасында конкурс жарияланады


Erasmus+ бағдарламасы бойынша EMINReM жобасын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 5 қазанынан 5 желтоқсанына дейін Kutahya Dumlupinar University (Кютахья қ., Түркия) «Тау-кен ісі», «Геология және пайдалы қазбаларды барлау» білім беру бағдарламаларының магистранттарына арналған 2 айлық тағылымдамадан өту конкурсына өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.

 

Барлық шығындар EMINReM жобасы қаражаты есебінен өтеледі.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 23 қыркүйекке дейін.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

  1. Ағылшын тілін білу (қолданыстағы IELTS сертификаты немесе Шетел тілдері кафедрасының сертификаты болуы қажет; әңгімелесу күнін Халықаралық ынтымақтастық орталығы белгілейді);
  2. CV/резюме (ағылшын тілінде);
  3. Мотивациялық хат (ағылшын тілінде);
  4. Паспорт*;
  5. Сертификаттар (бар болған жағдайда).

 

* Маңызды: Паспорттың қолданылу мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай сақталуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер төмендегі электронды пошта арқылы қабылданады:

exchange.center@ktu.edu.kz

 

Өтінім беру мәселелері бойынша Халықаралық ынтымақтастық орталығына (негізгі ғимарат, 241-кабинет) хабарласуға болады.

 

Тағылымдамадан өтуге арналған серіктес университет:
https://www.dpu.edu.tr/

Без рубрики