Saginov Technical University түлегі пауэрлифтингтен ел чемпионы атанды.


Қыркүйек айының 7-нен 15-не дейінгі аралығында Семей қаласында ересектер арасында пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа қатысушылардың қатарында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет түлегі Вадим Свешников та болды. Ол 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Студент кезінде Вадим бірнеше рет осы спорт түрінен түрлі жарыстарда жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да чемпионатта оған теңдес  болған жоқ. Оның қорытындысы бойынша Вадим ел чемпионы құрметті атағын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол ҚР спорт шебері атағын алды. Вадим Свешниковты жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі спорттық және кәсіби жетістіктер тілейміз!

Без рубрики