Диктант қазақ және орыс тілдерінде, қала мектептерінің 500-ге жуық оқушысының-болашақ сайлаушылардың қатысуымен өтті.
Диктанттың негізгі мақсаты-жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау мәдениетін дамыту және олардың азаматтық белсенділігін нығайту.
Іс-шара барысында қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, сайлау құқығы туралы жаңа мәліметтер алды. Диктант жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін нығайтуға, демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етті.
Жастардың белсенділігі – тұрақты даму мен өркендеудің кепілі.