10 қыркүйекте Жастар саясаты департаментінің бастамасымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет студенттерімен Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абай Калыковпен ҚР Президентінің кезекті Жолдауын түсіндіру бойынша кездесуі ұйымдастырылды.
Бұл жолы, әдеттегіден өзгеше, мұндай жағдайларда міндетті түрде Жолдаудың мәтініне сілтеме жасалмай, хабарлама еркін түрде өтті. Абай Қобландыұлы студенттерге жақсы таныс мысалдарды қолдана отырып, реформалар мен мемлекеттік аппараттың барлық жұмысына бағыт беретін проблемалар мен бағыттардың кең ауқымын қамтыған маңызды құжаттың негізгі қағидалары туралы айтып берді. Ол экономиканы цифрландыруға неліктен көп көңіл бөлінетінін және бұл елге және оның азаматтарына болашақта не беретінін түсіндірді. Бұл ретте студенттер мен жастардың Республика алдында тұрған өршіл жоспарларды іске асырудағы рөлін атап өтті.
Бұған қоса, біздің ЖОО Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген AI-Sana ұлттық жобасына белсенді қатысады. Өздеріңіз білетіндей, ол жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға және оны білімге, ғылымға және кәсіпкерлікке кеңінен енгізуге бағытталған, бұл туралы жақында «Казахстанская Правдаға» берген сұхбатында Saginov Technical University Басқарма Төрағасы – Ректоры Сауле Сагинтаева айтқан болатын. AI-Sana бағдарламасы бойынша «зәкірлік» ЖОО ретінде бекітіле отырып, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өз өңірін де, көршілес облыстарды да қамтитын оның өңірлік өкілі қызметін атқарады.
Қазіргі ұрпақ – студенттердің, жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Олар өздерінің алдыңғы буын ағалары бастаған істі жалғастыра отырып, белсенді өмірлік ұстанымы бар таңдалған істің нағыз, бәсекеге қабілетті мамандары бола алады. Еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірінің даңқын растай отырып, біздің университет дәл сондай азаматтарды тәрбиелеуге және шығаруға тырысады.
Біздің студенттер еліміздің дамуы мен өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенеміз.