Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ғылым, білім және инновация саласын біртұтас жүйе ретінде дамыту мәселесін ерекше атап өтті. Цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және AI-Sana жобасы – біздің университет үшін ерекше маңызды. Себебі біз болашақ мамандарды жаңа технологияларды меңгеруге үйретіп қана қоймай, ғылыми инновацияларды ел игілігіне ұсынуға дайынбыз. Ел дамуының басты бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту атап өтілді. Біз студенттерді заманауи цифрлық дағдыларға үйретіп, ғылым мен өндіріс үшін инновациялық шешімдер әзірлеуге дайынбыз. Сонымен қатар, Президенттің шетелдегі отандастар мен білікті мамандарды елге тарту бастамасы – аса құптарлық. Университетіміз халықаралық тәжірибе алмасу алаңдарын құрып, ғылым мен білімді дамытуға серпін береді. Студенттерімізге жаңа мүмкіндіктер, ұстаздарымызға жаңа құралдар, елімізге – тұрақты даму жолы!