Хабарландыру


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғам бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры – 1 бірл.;
  2. Үздіксіз білім беру институтының басшысы – 1 бірл.

Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • тиісті мамандық бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, магистр, ғылым кандидаты немесе философия PhD докторы дәрежесі бар ізденушілер үшін-басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент саласында және университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн;
  • IT-стратегиялар мен саясаттарды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
  • әр түрлі IT-инфрақұрылымдармен, бағдарламалық жасақтамамен және технологиялармен жұмыс тәжірибесі;
  • білім беру ұйымдарында қолданылатын өзіндік IT-жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді білу.

Үздіксіз білім беру институты басшысының лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент саласында және университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  3. жоғары білімі, академиялық н/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақ беру туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
  5. біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  7. құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген 075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  8. психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтамалар;
  9. адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  10. тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. құрылымдық бөлімшені дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 250 каб., тел,56-73-96, +77715558828.

Без рубрики