STU өкілдері халықаралық аренада: Айжан Амиргалина мен Бекжан Исаков Германиядағы ҚР Елшілігінде болды


Берлиндегі ҚР Елшілігінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша «500 ғалым» стипендиялық бағдарламасы аясында тағылымдамаға келген 27 жас қазақстандық ғалымдар тобымен кездесу өткізді. Ол «Жасыл технологиялар мен орнықты дамуға» арналды.

Топ құрамында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Кеніш аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының оқытушылары Айжан Амиргалина мен Бекжан Исаков болды. Қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын Германияда жүзеге асырады және Гумбольдт атындағы Берлин университетінде ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.

Кездесу барысында ҚР Елшісі Нұрлан Онжанов Қазақстан мен Германия арасындағы гуманитарлық және ғылыми-білім беру байланыстарын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ұлттық экономиканы жаңғыртудың және жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялаудың маңызды элементі ретінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың басымдығына ерекше назар аударды.

Дипломатиялық өкілдіктің басшысы Қазақстан мен Германияның Білім, ғылым және инновация саласындағы ағымдағы бірлескен жобалары туралы ақпаратпен бөлісті. Ол қазақстандық мамандар мен зерттеушілердің шетелге деген сұранысы отандық ғылымның жоғары дайындығы мен әлеуетінің айқын дәлелі болып табылатынын атап өтті. Осы бағыттан таймаңдар!

Без рубрики