Білім беру сапанын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA-Ranking) жариялаған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі – 2025 қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының рейтингінде 5-ші орынға ие болды.
Рейтинг көрсеткіштері жоғары оқу орындарын ранжирлеуге қолданылатын халықаралық стандарттарға негізделіп жасалған және бес негізгі құрамдас бөліктен тұрады: университеттің академиялық ресурстарының сапасын бағалау; жоғары оқу орындарының қызмет сапасына сараптамалық баға беру; жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар арасында жүргізілген социологиялық сауалнама негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау; жоғары оқу орындарының қызмет сапасына сараптамалық баға беру; түлектер арасында жүргізілген социологиялық сауалнама негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, университет өз қызметінің жоғары деңгейін тағы да растады. Бұл нәтиже университеттің тұрақты дамуын, білім беру сапасын жақсартуға бағытталған стратегиялық бағытын, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуын, халықаралық серіктестікті кеңейтуге және Қазақстанның зияткерлік элитасын құруға белсенді қатысуға бағытталған стратегиялық бағдарын көрсетеді.