Ынтымақтастық табысты болмақ


27 маусым күні профессор Шин Юн Чхоль (Оңтүстік Корея) мен Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев жұмыс барысында кездесті. Оған «Горкомтранс» ЖШС Бас директоры Марат Бимағанбетов, сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Сәулет-Құрылыс және Тау-кен факультеттерінің декандары, сондай-ақ, Инчхон Ұлттық университетінің профессоры Юн Чул Шин (Professor Emeritus) және Корея Республикасындағы Korea Consultant Co Ltd. компаниясының төрағасы қатысты.

Кездесу аясында табиғатты тұрақты пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу, экотехнологиялар мен қалалық инфрақұрылым саласына инновациялық шешімдерді енгізу бойынша бизнес-жобалардың болашағы, оған қоса кейіннен жылу және электр энергиясын ала отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласында ынтымақтастық орнату талқыланды. Оның алдағы уақытта екі жаққа да мол мүмкіндік ашары сөзсіз. Кездесу бизнес, ғылым және мемлекеттік құрылымдар арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Без рубрики