26-27 маусымда Saginov Technical University-де «XVII Сағынов оқулары. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы». Сағынов оқулары университетіміздің негізін қалаушы Әбілқас Сағыновты еске алу мақсатында 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы кезден бастап олар ғылыми-білім беру қоғамдастығы мен Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері үшін маңызды құбылысқа айналды.
Сағынов оқуларына назар аударудың артуы ғылымның, өндірістің және білімнің симбиозын көрсететіндігіне байланысты, бұл әсіресе қазіргі уақытта өзекті болып табылады.
Конференция қатысушыларына үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде құттықтау сөз сөйлеген Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Сауле Сагинтаева конференцияның халықаралық мәртебесін атап өтті. Сағыновтың мұрасы Жаңа Қазақстанның дамуы мен құрылысына қызмет етуді жалғастыра беретініне ерекше назар аударды. Бұл конференция соның тағы бір дәлелі.
Осы жолғы конференция сәл өзгертілген форматта өтті. Материалдарды қабылдаудың ыңғайлылығы үшін пленарлық отырыс «Халықаралық сын-тегеуріндер мен технологиялардың перспективалары», «Цифрлық трансформация және жасанды интеллект: жаңа көкжиектер» және «Кадрлар, индустрия және білім беруді өндіріспен интеграциялау» атты баяндамалар тақырыбына жақын үш панельге бөлінді.
Конференцияның бірінші күнінің жартысы соларға арналды. Осы уақыт ішінде 12 баяндама тыңдалды. Оның ішінде, PhD, Назарбаев университетінің Тау-кен және геология ғылымдары мектебінің профессоры Fidelis Suorineni; PhD, Инчхон Ұлттық Университетінің (Оңтүстік Корея) профессоры Ѕһіпа Eun Chula; Thieme Bieg (Гемания) компаниясының басшысы Torsten Thieme, PhD; Обудск университетінің (Венгрия) профессоры Аміге Mosavi және т.б.
Түскі астан кейін және келесі күні конференция өз жұмысын жалғастырды. Секциялық отырыстарда «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының стратегиялық бағыттары», «ХХІ ғасырдың білімі», «IT және Smart-технологиялар», «Геотехнологиялардың өзекті мәселелері», «Металлургия мен материалтану саласындағы инновациялық технологиялар» және т.б. сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Бұл толық тізім емес, әйтсе де осының өзінен-ақ талқыланған тақырыптардың кеңдігі мен өзектілігін бағалауға болады.
Конференцияға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің 142 ЖОО-нан 894 баяндама келіп түсті.
Оған еліміздің көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары мен мамандары белсенді қатысты.
Конференция Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор С. Сагинтаеваның белсенді қатысушыларды Құрмет грамоталарымен марапаттаумен аяқталды.