Saginov Technical University Strengthens Ties with European Experts on Inclusive Higher Education


2025 жылдың 12–13 маусымында Astana IT University-де Техникалық көмек миссиясы аясында «Инклюзивті жоғары білім беруді дамыту» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинарды ұйымдастырғандар:

  • Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобы (HERE)
  • Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті

Еуропалық жоғары білім кеңістігінен (ЕЖБК) шақырылған халықаралық сарапшылар қатарында:

  • Нинослав Шчуканец-Шмидт, Жоғары білім саласының саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы, Білім беруді дамыту институтының негізін қалаушы және атқарушы директоры (Загреб, Хорватия);
  • Ана Скледар Матъевиц, Жоғары білім саласының саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы, Білім беруді дамыту институты (Загреб, Хорватия).

Семинар жұмысына Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Қанапиянов Тимур қатысты.

Семинардың негізгі мақсаттарына сәйкес, қатысушылар:

🔹 Жоғары білім беруде теңдік пен инклюзияның маңыздылығы туралы хабардарлықты арттырып, Қазақстан мен Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі (ЕЖБК) бар кедергілерді талқылады.

🔹 Еуропадағы үздік тәжірибелерді, нормативтік базаны және институционалдық үлгілерді зерттеп, теңсіздікті жоюға, арнайы білім алу қажеттіліктері бар студенттерді қолдауға, білім берудің әмбебап дизайнын дамытуға және студенттер мен оқытушылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды талқылады.

Семинар қорытындысы ретінде қатысушылар ЕЖБК принциптері мен еуропалық университеттердің тәжірибесіне негізделген, Қазақстан жоғары білімінде теңдік пен инклюзияның негізгі басымдықтарын шешуге арналған жол картасын әзірлеудің негізін қалады.

Без рубрики