Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін «ҚР жоғары оқу орындарының сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2025» білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулерді саралау мен бағалаудың тиімді құралы болып табылады. Рейтингке қатысу ел экономикасының түрлі салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының әлемдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, табыстылығын арттырудың негізгі факторына айналады.
Saginov Technical University білім беру бағдарламалары топтары рейтингінің қорытындысы бойынша ТОП-20 ЖОО-ға кірді. Сонымен қатар нанотехнология және металлургия кафедрасының профессоры Виталий Юрьевич Куликов профессор-оқытушылар құрамының АРТА (Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі) бас рейтингінің ТОП-50 — ге кірді.
Мәселен, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ өз позициясын сақтап, 6-орынға шықты.
Бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының рейтингінде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың барлық білім беру бағдарламалары (ББ) ТОП — 10-ға кірді.
Бакалавриат ББ бойынша
1 орын алғандар:
- 6В07205 – Пайдалы қазбаларды байыту;
- 6В07203 – Мұнай-газ ісі;
- 6В061 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
- 6В07202 – Тау-кен ісі;
- 6В07206 – Маркшейдерлік іс;
- 6В07204 – Металлургия;
- 6В11201 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- 6В07108 – Жылу энергетикасы.
2 орын алғандар:
- 6В07302 – Геодезия және картография;
- 6В11301 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
- 6В07304 – Құрылыс;
- 6В07305 – Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру;
- 6В07103 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;
- 6В11302 – Логистика.
3 орын алғандар:
- 6В07110 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
- 6В07104 – Машина жасау;
- 6В07111 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша).
Магистратура ББ бойынша
1 орын алғандар:
- 7М07204 – Металлургия;
- 7М07201 – Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің және барлаудың геофизикалық әдістері;
- 7М07205 – Маркшейдерлік іс;
- 7М07203 – Тау-кен ісі;
- 7М07303 – Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру;
- 7М07202 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау.
2 орын алғандар:
- 7M11201 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- 7М11301 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
- 7М07301 – Геодезия;
- 7М07102 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;
- 7М07109 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша).
3 орын алғандар:
- 7M07104 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
- 7М07108 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы.
Докторантура ББ бойынша
1 орын алғандар:
- 8D07201 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
- 8D07202 – Тау-кен ісі.
2 орын алғандар:
- 8D07101 – Машина жасау;
- 8D07302 – Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру;
- 8D07203 – Металлургия;
- 8D07103 – Электр энергетикасы.
3 орын алғандар:
- 8D07301 – Құрылыс;
- 8D07102 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары.