2025 жылғы 14 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Эксетер Университетінің («Russell Group» зерттеу университеттерінің беделді қауымдастығына кіретін University of Exeter) делегациясын қабылдады.
Британдық тарап өкілдері:
- профессор Стюарт Берхоп (Stuart Bearhop),жаһандық мәселелер жөніндегі проректордың орынбасары;
- Рейчел Джонс (Rachel Jones), қоршаған орта, ғылым және экономика факультеті жаһандық серіктестіктер бөлімінің басшысы
Сапар бағдарламасы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә. Әлденеймен кездесуден басталды, оның барысында ғылым және білім саласындағы өңірлік дамудың басым бағыттары, сондай-ақ өңірдің индустриялық және білім беру жобаларына халықаралық әріптестерді тарту
мүмкіндіктері талқыланды.
Содан кейін ҚарТУ-да делегацияның университет басшылығымен ресми кездесуі өтті, оған төмендегілер қатысты:
- Б. Нүсіпбеков – Басқарма мүшесі — Академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
- Т. Қанапьянов — Басқарма мүшесі — Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор;
- А. Қанатова — халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
- факультет декандары және кафедра меңгерушілері.
Кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен академиялық және ғылыми ынтымақтастық перспективалары талқыланды:
- студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту;
- бірлескен білім беру және зерттеу бастамаларын іске асыру;
- тұрақты институционалдық байланыстарды нығайту.
Халықаралық қосарлы бағдарламалар мен тағылымдамаларды дамыту және филиал ашу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сапардың ресми бөлігінен кейін делегация Тау-кен және машина жасау факультеттеріне, Энергетика, автоматтандыру және телекоммуникация факультетіне, Метан энергетикасы институтына, Дәнекерлеу институтына, сондай-ақ университет кампусына барып, Saginov Technical University инфрақұрылымымен танысты.
Бағдарламаның келесі тармағы университеттің негізгі өндірістік серіктестерінің бірі «QARMET» АҚ-ға бару болды. Қонақтар кәсіпорынның өндірістік қуаттылығымен және инженерлік кадрларды даярлаудағы және қолданбалы ғылыми әзірлемелерді іске асырудағы өзара іс-қимыл перспективаларымен танысты.
Эксетер университеті Халықаралық рейтингтерде жетекші орын алады:
- QS World University Rankings 2025-те 145-орын;
- Times Higher Education World University Rankings 2024-те 153-орын;
Сапар Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды кезеңі болды және жаһандық академиялық қоғамдастыққа шоғырландыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.