«Дәнекерлеу өндірісінің жабдықтары мен технологиясы» біліктілікті арттыру курсы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Үздіксіз білім беру институтының базасында 2025 жылғы 13-18 наурыз аралығында «ЭкоЭкспресс Ақтөбе» ЖШС-нің 2 қызметкері үшін ақылы негізде біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

«Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының оқытушылары «Дәнекерлеу өндірісінің жабдықтары мен технологиясы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс аясында қатысушылар балқытумен дәнекерлеудің арнайы әдістері, дәнекерленген конструкцияларды дайындаудың технологиялық процесінің негізгі операциялары туралы өзекті білім алды, сондай-ақ балқытумен дәнекерлеудің арнайы әдістерін, арқалықтар мен қалыптарды, қысымды ыдыстарды жасау технологияларын игерді.

Курс соңында тыңдаушыларға біліктілігін арттыру туралы сертификаттар табысталды.

Без рубрики