«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% пакеті бар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (Жалғыз акционер) қабылдаған шешімі туралы хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының директорлар кеңесіне тәуелсіз директорларды сайлау тәртібін белгілеу туралы» 14.02.2025 жылғы №54 бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының директорлар кеңесіне тәуелсіз директорларды сайлау тәртібі айқындалып, акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.