Әбілқас сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде “Біртұтас тәрбие” тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайынғы қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда атап өтілетін Отбасы күніне орай «Дені сау ұрпақ», «Отбасылық әл-ауқат» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Отбасы күнін кеңінен атап өту, отбасы мен некені дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, жинақталған тәжірибені жастарға насихаттауды ұйымдастыру. Сонымен қатар, қазіргі уақытта белең алған ажырасудың артуы, азаматтық неке, отбасы мүшелерінің құмар ойынға тәуелділігі, алкоголизм, отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездік, жасөспірімдер суициді, тастанды балалар және т.б. жағымсыз үрдістердің алдын алу.
Қамтылуы: 40 студент