| Дайындау бағытының коды | Даярлау бағыты 
 | Даярлау бағытының шифры | Білім беру бағдарламасының шифры | 
| 8D071 | Инженерия және инженерлік іс | 1. 8D0710 2. 8D07102 3. 8D07103 | 1  Машина жасау 2 Көлік, көліктік техника және технологиялар 3 Электроэнергетика | 
| 8D072 | Өндірістік және өңдеуші салалар | 4. 8D07201 5. 8D07202 6. 8D07203 | 4 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау 5 Тау-кен ісі 6 Металлургия | 
| 8D073 | Сәулет және құрылыс | 7. 8D07301 8. 8D07302 | 7 Құрылыс 8 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру | 
Постдокторантура бағдарламасына үміткерлер конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
— ректордың атына конкурсқа жіберу туралы өтініш;
— жеке куәлігінің көшірмесі;
— философия докторы (PhD) немесе ғылым кандидаты дипломның көшірмесі;
— шет тілі бойынша сертификат (ағылшын, француз, неміс) бойынша бағдарламалар International English Language Tests System (IELTS, шекті балл — 6.5-тен кем емес), Grundbaustein DaF (шекті балл — С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл — С 1), Diplome d ‘ Etudes en Langue francais (DELF, шекті балл — В 2), Diplome Approfondi de Langue francais (DALF, шекті балл — С 1), Test de connaissances de français (TCF, шекті балл — кемінде 400) (бар болған жағдайда);
— ғылыми жұмыстарының тізімі (қосымшасымен бірге):
- Scopus дерекқоры бойынша жарияланымдарға дәйексөз келтіру бойынша анықтамалар және/немесе Clarivate Analytics (Web of Science Core Collection) ақпараттық компаниясының дерекқорынан дәйексөз келтіру бойынша анықтама.Дәйексөз (цитирования) бойынша мәліметтерде жарияланымдар саны, Хирша индексі (h-index), дәйексөздердің жиынтық (жалпы) саны туралы ақпарат болуы тиіс;
- патенттердің, куәліктердің, заңды және авторлық құқық объектілердің көшірмесі.
- постдокторант өзінің ғылыми қызметін жүзеге асыратын постдокторантура бағдарламасын іске асыру үшін орын бөлу негіздемесімен бөлімшеден өтінімін (Ережеге сәйкес А Қосымшасы);
- үміткердің ғылыми мүдделерін және постдокторантураға (personal statement) түсу мақсаттарын негіздеу;
- үміткердің түйіндемесі (Ережеге сәйкес Б қосымшасы).
- жобаға қатысу үшін қажетті нақты дағдыларды, жұмыс тәжірибесін ашатын уәждемелік хат (1000 белгіден артық емес);
- өз саласындағы зерттеуші ғалымдардың жұмыс беруші ұйымның қолымен және мөрімен расталған екі ұсынысы (мүмкін болса).
Үміткерлерден өтінімдер 2020 жылғы 30 сәуір, сағат 17.00-ге дейін сканерленген нысқада мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: science@kstu.kz
Барлық сұрақтар бойынша ғылым және инновация департаментіне 8 7212 565234 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.
