
Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және ғылыми қызметкерлерге халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант бөлуге байқау жариялайды.
Бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне 10 грант және бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистранттар мен ғылыми қызметкерлеріне 7 грант қарастырылып отыр.
ЕГЕР СЕН:
- Қазақстан Республикасының азаматы;
 - Қазақстандық университеттің студенті немесе ғылыми қызметкер;
 - Сіздің мамандығыңыз — табиғи ғылым немесе техникалық;
 - Сіз жетекші шетелдік университеттердің PhD докторантурасына түсуді армандайсыз;
 - Сізде осы саладағы зерттеу жобалары мен арнайы жетістіктері бар;
 - Сіз ғылыммен айналысқыныз келеді және оны дәлелдей аласыз;
 - Қазақстандағы ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге үлкен ықыласыңыз бар;
 
Сізде мүмкіндік бар: 2019 жылдың жазында (3 ай) грантқа ие болу және ғылыми тағылымдамадан өту.
Бұны орындау үшін, 05.11.2018 — 09.12.2018 ж. дейін қатысуға өтінімді толтырып, келесі құжаттар жинағымен бірге жіберіңіз:
- Жеке куәлік көшірмесі;
 - Сынақ кітабшасының көшірмесі (барлық сессия);
 - транскрипттің көшірмесі (барлық семестрлер) және бакалавр дипломы (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін);
 - дипломдардың, сертификаттардың және ғылыми жұмыстар байқауларының көшірмесі;
 - «Менің тағылымдамам: ғылым саласында не істеудемін және не істеймін» тақырыбына эссе;
 - университет ғылыми жетекшісінің/проректорының/ректорының ұсынысы;
 - түйіндеме.
 
Өтініш пен құжаттардың толық пакеті Қордың электрондық поштасына жіберу қажет: info@yessenovfoundation.org
Байқау туралы толығырақ ақпарат келесі сайттан аласыз — http://yessenovfoundation.org/o-fonde/programmyi/nauka/nauchnyie-stazhirovki-v-laboratoriyah-mira/programma-nauchnyih-stazhirovok-v-laboratoriyah-mira-2019/