Академиялық қоғамдастық өкілдеріне арналған «Білім беру бағдарламаларын жобалау» тақырыбындағы республикалық семинар


Жаңғырту 3.0 құжаты және экономиканың жаңа моделі үшін білікті мамандар даярлау үшін жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы қарастырылған.

Сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа мамандықтар мен біліктердің қызмет мазмұнын қайта қарастырып, жаңарту жоспарлануда.

Осыған байланысты жоғары оқу орындарының алдында білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талабына сәйкес құру міндеті тұр.

Бұл семинарда білім беру бағдарламаларын құру үшін қажетті кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру және білім беру бағдарламасын бағалау сұрақтары қарастырылады.

Без рубрики