
Тау-кен факультетінің кафедралары
Тау-кен факультетіне қош келдіңіздер!
Бакалаврлар, магистранттар және докторанттардың даярлығын жетілдіру — Тау-кен факультетінің ұжымы үшін басты міндет болып табылады. Оқу процесін үздіксіз жетілдіру және компьютерлендіру, заманауи прогрессивті технологияларды қолдану, ғылыми зерттеулер жүргізу жоғары білікті мамандарды дайындау мен шығаруға септігін тигізеді, олар Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі және оның шегінен тыс көптеген салаларда қызмет етеді.
Қазіргі таңда Тау-кен факультетінде 2 мыңнан астам студент білім алуда. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ, көптілді оқытумен академиялық топтар бар.
Студенттердің даярлығы кредиттік технология аясында жүзеге асырылады.
Тау-кен факультетінде барлық оқу бағдарламалары бүгінгі күні қажетті және болашақта сұранысқа ие мамандықтарға бағытталған.
Факультет түлектері арасында — көрнекті ғалымдар, әртүрлі ірі кәсіпорындардың басшылары, өндіріс саласының жетекші қызметкерлері, олардың еңбегі мен білімдері Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқандар бар.
Байланыс деректері:
Қарағанды қ., 2-ші корпус, Н. Назарбаева проспектісі 58/1, 235 каб.
Телефон: +7(7212) 56-75-88 (ішкі 2025).
E-mail: gf@ktu.edu.kz