8-ші Наурыз — «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі!


Халықаралық әйелдер күні Қазақстан Республикасында, бұрынғы Кеңес Одағының басқа елдеріндегі сияқты, кеңінен танымал мереке болып саналады. 8-ші Наурыз — көктемнің алғашқы күні болғандықтан сұлулық, нәзіктік, рухани даналық және адамзаттың әдемі жартысы ару қыздарға ерекше көңіл бөлетін күн.

Мереке қарсаңында ҚарМТУ жанындағы Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері осы әдемі көктем мерекесінде университеттің басшылық қызметтегі қыздарын құттықтады. Олар өздерінің қолдарымен ашық хаттар дайындап, таңданарлықтай өлеңдер жазып, шын жүректерінен 8-ші Наурыз — «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, алғыстарын білдірді.

ҚарМТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Н.А. Смағұлова барлық оқытушыларына көктемнің алғашқы мерекесінде денсаулық және еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыстар тіледі.

Без рубрики