8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарламаға Университетіміздегі шығармашылық үйірмелерінің студенттері қатысты


2017 жылы 7 наурыз сағат 12.00-де Бас корпустың акт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шаранын бас кезеңінде ҚарМТУ ректоры профессор М.К. Ибатов  8 ардагер-айелдерді және барлық факультеттердің өкілдеріне құттықтау хаттар мен ақшалай сыйлық табыстап, Университет кафедраларындағы 130 айел оқытушылар құрамы мен бөлім қызметкерлерін құттықтап, алғыс хат табыстады.

Залдағы барлық көрермендерге арнап Университет үйірмелерінің қатысушыларымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама өткізілді: «Эксклюзив» би ансамблі, «Сарыарқа Сазы» домбра ансамблі, «Сөз патшасы» поэзия клубының қатысушысы Асылбек Атабек, шығармашылық вокал үйірмесінің қатысуышлары Нығыжан Нұрдәулет, Нығметов Айбек, Қуатбекқызы Айханым, Сейілова Сандуғаш, Нақыпбай Саят.

Іс-шара жүргізушілері Жастар саясаты департаментінің қызметкерлері Қуаныштаев Жансұлтан мен Серіков Темірлан.

Без рубрики