
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
«Ғылым, инновация, құрылыстағы техникалық реттеу және инжиниринг: цифрлық және зияткерлік технологиялар, жай—күйі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы) өтеді.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы;
Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясы (РААСН), Мәскеу қ.;
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
Еуразиялық СЕЙСМО Ассоциациясы;
Қазақстанның көпсалалы жаңғырту және дамыту ғылыми-зерттеу,
сараптамалық және жобалау-іздестіру институты (ҚазКЖДИ)
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ:
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
Ұлттық зерттеу Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр атындағы политехникалық университеті (СПбПУ), Санкт-Петербург қ.;
«Ұлттық зерттеу Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті» (ҰЗ ММҚУ);
IDEA League (Imperial College London, Delft University of Technology,
ETH Zurich, RWTH Aachen University);
Nagoya University (Japan), Tsinghua University (China), National University of Singapore;
Massachusetts Institute of Technology, Stanford University, University of California, Berkeley (USA)
Конференция жұмысының бағыттары:
1-СЕКЦИЯ. Құрылыстағы эксперименттік-теориялық зерттеулер, жаңа технологиялар және ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
2-СЕКЦИЯ. Құрылыстағы заманауи техникалық реттеу жүйелері: ұлттық жүйелер, халықаралық стандарттар, өзекті мәселелер мен перспективалар;
3-СЕКЦИЯ. Құрылысты цифрлық трансформациялау: BIM-технологиялардан жасанды интеллектке дейін;
4-СЕКЦИЯ. Құрылыстағы сараптамалық жұмыстар, бақылау және қадағалау. Ғимараттар мен құрылыстардың кешенді қауіпсіздігі.
Конференция бағдарламасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пленарлық, секциялық және пікірталас баяндамаларын ұсынуды көздейді.
Конференция бейнеконференция байланыс жүйелерін пайдалана отырып, аралас (офлайн/онлайн) форматта өтеді.
Конференцияға қатысу үшін:
Талаптарға сәйкес (төменде берілген 1 және 2-қосымшаларды қараңыз немесе Google-форма арқылы онлайн тіркеуден өтіңіз: https://forms.gle/UEFhzkaU6ap9JDZR6) ресімделген өтінімді, баяндама тезистерін (1 бетке дейін) және/немесе мақаланы (5 бетке дейін) 2026 жылғы 17 сәуірге дейін жіберу қажет:
— сайт арқылы: https://kazmirr.kz/sitrec
— немесе электрондық поштаға: kazmirr@mail.ru
1 Қосымша
Конференцияға қатысуға өтініш формасы
| Тегі | |
| Есімі | |
| Әкесінің аты (толықтай) | |
| Лауазымы, ғылыми дәрежесі | |
| Жұмыс орны (ел, қала, ұйымның толық атауы, бөлімше) | |
| Мекен-жайы | |
| Телефон | |
| Секция | |
| Қатысу формасы | офлайн баяндамамен, офлайн баяндамасыз, онлайн баяндамамен, онлайн баяндамасыз (қажетін сызып немесе ерекшелеу) |
2 Қосымша
Жариялауға жіберілетін мақалалар көрсетілген талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс.
Жариялауға тек 5 бетке дейінгі көлемдегі мақалалар қабылданады. Мәтіннің бірегейлігі мақаланың жалпы көлемінің кемінде 70%-ын құрауы тиіс. Мақаланы дайындау үшін Microsoft Word редакторы қолданылады және келесі параметрлер сақталуы қажет: Қағаз форматы – А4; Қағаз бағыты – тігінен (портрет); Жиектері – 2 см; Қаріп – Times New Roman; Қаріп өлшемі – 12 pt; Жоларалық интервал – 1; Теңестіру – ені бойынша; Абзац шегінісі – 1 см. Суреттер jpg, gif немесе bmp форматында болуы тиіс. Кестелер мен суреттер реттік нөмірленген болуы тиіс.
Мақала келесі элементтерден тұруы тиіс:
- Мақаланың атауы
- Автор(лар) туралы ақпарат – автордың тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, ұйымның толық атауы, жұмыс орны, ел және қала көрсетіледі. Ақпарат әр автор үшін жеке-жеке беріледі. Автор(лар)дың толық аты-жөні, қалың қаріппен, курсивпен жазылады, қалған мәліметтер жаңа жолдан, курсивпен көрсетіледі. Теңестіру – ортасына.
- Аннотация – көлемі 600 баспа таңбасынан аспауы тиіс. Кіші әріптермен, қалыпты қаріппен теріледі. Теңестіру – ені бойынша, абзацсыз.
- Түйінді сөздер мен сөз тіркестері – түйінді сөздер және сөз тіркестері «;» (нүктелі үтір) арқылы бөлінеді. Кіші әріптермен, қалыпты қаріппен, тырнақшасыз жазылады. Теңестіру – ені бойынша, абзацсыз.
- Мақала мәтіні
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – APA стилінде рәсімделеді, алфавиттік ретпен және сквозная нөмірлеумен беріледі.
ҮЛГІ:
МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ
- Автор(лар)дың толық аты-жөні ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, ел, қала;
- Аңдатпа;
- Abstract.
Кілт сөздер: ключевое слово 1; ключевое слово 2; ключевое слово 3; ключевое слово 4.
Keywords: keyword 1; keyword 2; keyword 3; keyword 4.
Мақала тексі
________________
Әдебиеттер тізімі:
Кітап
1. Ivanov, I. I. (2020). Introduction to digital technologies. Almaty: Science Press.
Мақала:
1. Sarsenov, B. B., & Akhmetova, L. K. (2022). Artificial intelligence in education. Journal of Educational Technology, 15(3), 45-52.
Online ресурс:
2. Smith, J. (2023, February 10). Trends in digital learning. Retrieved from https://example.com/articles/digital-learning
БАЙЛАНЫС ТҰЛҒАЛАРЫ:
Хабидолда Омирхан – ғалым хатшы, «ҚазҚЖДИ» институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор, моб. тел.: +77015827549
Шакирова Жангүл – хатшы, «ҚазҚЖДИ» институтының кіші ғылыми қызметкері, тел.: 87212565203, моб. тел.: +77001283283, e-mail: kazmirr@mail.ru
Қойшыбай Жандос – конференцияның цифрлық платформасының үйлестірушісі, «ҚазҚЖДИ» институтының ғылыми қызметкері, тел.: 87713340965
МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:
- 2026 жылғы 17 сәуірге дейін – өтінімдер мен ғылыми материалдарды қабылдау;
- 3 жұмыс күні ішінде – материалдардың алынғаны туралы растау;
- 7 жұмыс күні ішінде – қарау нәтижелері туралы хабарлама;
- 2026 жылғы 21 мамыр – конференцияның ашылуы, пленарлық отырыстар;
- 2026 жылғы 22 мамыр – секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер.
ҚАТЫСУ:
Конференцияға қатысу және электрондық материалдарды жариялау – тегін.