3 желтоқсанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы аясында «Заманауи ғалым: бейнесі, ақиқат, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты эксперттік семинар өтті.
Басқарма мүшесі – Цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Амиров кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға жемісті және сәтті жұмыс тіледі..
Іс-шараның спикері:
Данияр Тебаев – PhD, CEO T-Academy, «ҰМҒТСО» АҚ экс-бірінші вице-президенті, цифрлық трансформация және жобаларды дамыту жөніндегі эксперт, 20-дан астам ғылыми мақала мен үш монографияның авторы. Сондай-ақ Данияр Болатович жалпы құны 3 млрд теңгеге шамамен 100 жобаны жүзеге асырған, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі бар.
Қатысушылар ғалымның заманауи бейнесі қалай қалыптасатыны және бүгінгі таңда оның кәсіби дамуына қандай факторлар әсер ететіні туралы жан-жақты шолу алды. Мазмұнды пікірталастардан басқа, бағдарлама ғылыми қызметке жаңа қырынан қарауға және ғылым саласындағы өзгерістердің динамикасын сезінуге мүмкіндік беретін практикалық тапсырмалар мен ойын форматтарын қамтыды.
Семинарға 20-дан астам адам – оқытушылар, ғалымдар және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты әрі бұл іс-шара тақырыбының өзектілігі мен қажеттілігін тағы да растады.
Кездесу соңында Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және интернацияландыру жөніндегі проректоры Тимур Канапьянов спикердің семинарды өткізуге қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оған алғыс хат табыс етті, сонымен қатар семинар қатысушылары заманауи ғалым мен зерттеушінің негізгі құзыреттерін игеру және қатысу туралы сертификаттар алды.
#QarTech #QarTechHub




















