Өзектілігі
Өзекті мәселе – «Qarmet» АҚ кокс-химия өндірісінің қалдықтарынан алынатын шайыр түзуші қосылыстарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру болып табылады. Қазіргі уақытта бұл қалдықтардың едәуір көлемі үйінділерге жиналып, олардың ауданы шекті деңгейге жеткен. Бұл қоршаған жер ресурстарын және ауаны ластап, экологиялық жағдайды едәуір нашарлатуда. Зертханалық сынақ нәтижелері кокс-химия қалдықтарын бекіткіш құрамдарға арналған шайыр компоненттерін өндіруде қолдану мүмкіндігін көрсетті. Бұл отандық өнеркәсіпте жаңа жүйе құрушы бағытты ашуға және экологиялық мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат
Зерттеу нәтижелері «Qarmet» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «Қазцинк», ERG және басқа да кәсіпорындарда дәстүрлі материалдар (ағаш, бетон, темірбетон) орнына заманауи полимерлік материалдарды қолдануға негіз бола алады. Полимерлер көмір және кен шахталарының агрессивті ортасында жоғары пайдалану қасиеттеріне ие, бұл олардың қолданылуының жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Бағдарламаны іске асыру сенімді және үнемді бекіту жүйелерін қолдану арқылы еңбек шығынын азайтып, жұмыстардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолдану саласы
Бағдарлама Қазақстанның тау-кен компанияларында («Qarmet» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «Қазцинк», ERG және т.б.), сондай-ақ Орталық Азия, Ресей және Украина елдерінің тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында қолдануға бағытталған. Бағдарлама техногендік күйге және деформациялық процестерге басқарылатын әсер ету арқылы тұрақсыз жыныстарда жүргізілетін негізгі, дайындық және тазарту қазбаларының маңындағы жыныстар массивінің тұрақтылығын арттыруды көздейді. Бұл мақсатта жыныстардың механикалық және беріктік қасиеттерін өзгерту үшін жасанды құрылымдық элементтер мен беріктендіруші ерітінділер енгізіледі, бұл күрделі құрылымды жыныстар массивінің тұрақтылығын айтарлықтай арттырады.