30 сәуір күні ҚарМТУ-да Жүйелі сараптама және модельдеу академиясының директоры, т.ғ.к., методолог В.И. Цой университет студенттері және профессор-оқытушылар құрамына арнайы семинар өткізді


Қоғамдық сананы жаңғыртудың инновациялық әдістнамалық құралдары

 30 сәуір күні ҚарМТУ-да Жүйелі сараптама және модельдеу академиясының директоры, т.ғ.к., методолог  В.И. Цой  университет студенттері және профессор-оқытушылар құрамына арнайы семинар өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты –  Қарағанды қаласында ашылмақ Әдіснамалық орталыққа мүшелер тарту. Соның нәтижесінде қоғамдық мекеме, мемлекеттік органдар және әлеуметтік белсенді азаматтар арасында өзара қарым-қатынас, диалогты дамытып, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге ортақ шешім табу.

Жоба «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» және  Жүйелі сараптама және модельдеу академиясының  (Нұр-Сұлтан қ.) бастамасымен жүзеге асырылуда. Кездесулер «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының бағыттары бойынша өткізіледі.

Белгілі бір саланы толық танып-білмеу, мәдени ойлауды дамытпау, білім мен біліктің қажетті минимум мөлшерін игермеу – осылардың бәрі ел ортасында теріс әлеуметтік және экономикалық құбылыстар туғызуда. Кез келген мәселені, шаруаны диалог, өзара сұқбаттасу жолы арқылы шешу мүмкін.  Осы үшін Қарағанды қаласында төрт біркүндік ағарту семинарлары және бір үшкүндік сараптамалық-жобалау мәселелері  жөніндегі семинарлар өткізілмек. Сондай-ақ Қоғамдық сананы жаңғыртудың Қарағанды әдіснамалық орталығының тұрақты қызметін дамыту және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар да осы семинарларда қарастырылмақ.

Осы семинарға қатысуға тілек білдіруші азаматтар алдын-ала өтінім беруі керек. Байланыстар:

Александр Федорук         8-707-534-92-03     s_fedoruk@mail.ru

Айгерим Батырбекова     8-701-447-41-47     aigerimbatyrbekova@mail.ru

 

Без рубрики