№3 жатақханада студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзиялық кеш өтті


Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Студенттер ақынның поэзиясынан жаттаған өлеңдерін оқыды. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Сұрақ-жауап ойыны ойнатылды, сонымен қатар, берілген бір өлеңін мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылды.

Без рубрики