«Алаштың күнбес жұлдызы» атты мерекелік-сазды шара


2023 жылдың 30 наурыз күні сағат 11:00-де Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ бірінші корпусының 532 кабинетінде Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған мерекелік-сазды іс-шара өтті. «Алаштың күнбес жұлдызы» атты шараны РМПИ кафедрасы мен орыс тілі және мәдениеті кафедрасы бірлесіп өткізді. Кафедрада 1 курс студенттері ақынның өмірбаянымен, күйлерімен таныстырып, өлеңдерін оқып, келген қонақтарға викториналық сұрақтар қойылып, кітап сыйға берілді. Қонақтар ретінде кафедра оқытушылары, кураторлар, педагогикалық ұжым және ГД-22-3 тобының студенттері қатысты.

Без рубрики