Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі гранттық бағдарламаларға конкурс жариялады


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын шеңберінде келесі гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

1) «Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар/кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар» (ғылыми стартаптар);

2) «ЖОО немесе ҒЗИ негізделген технологиялық индустриялды құзыреттілік орталықтары (R&D орталықтары)»;

3) «Өнеркәсіп пен ғылым арасындағы технологиялық консорциумдар».

Байқау 2021 жылдың 23 тамызы мен 23 қыркүйегі аралығында өтеді (толығырақ веб -сайттан қараңыз http://fpip.kz/index.php/ru/events/announcements). Осыған орай, барлық ғалымдар мен қызығушылық танытқандарды ағымдағы жылдың 31 тамызында өтетін онлайн-семинарға шақырамыз.

Семинарға қатысу үшін өз деректеріңізді (1-қосымша) dipd@kstu.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Қосымша 1

Онлайн-семинар, коммерцияландыру байқауы

Қатысушының толық аты -жөні Жұмыс орны, лауазымы Байланыс деректері

(ұялы телефон, email)

1      
     

 

 

Без рубрики