Шәкен Жансая Сұңғатқызы ҚТУ аға оқытушысы Сулейменов Н.М. жетекшілігімен «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша олимпиадада1 орын алды


 

«ТӘҚ және ҚОҚ»  оқу бағдарламасының 6В11201 — «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттері 2021 жылдың 8 және 9 сәуірінде Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​университетінің базасында өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XIII қашықтықтағы республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысты.

«Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша Қарағанды ​​техникалық университетінің аға оқытушысы Сулейменов Н.М. жетекшілігімен Шәкен Жансая Сұңғатқызы (БЖД-17-2 тобы) 1 орынды алды.

 

 

Без рубрики