Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті, Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті және Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді оқытуға құжаттар қабылдауды ашты


Құрметті студенттер!

Сіздерге студенттері және магистранттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Ұлы Петр Санкт-Петербург  политехникалық университетінде (Санкт-Петербург қ., Ресей), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Ресей) және Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Новосибирск қ., Ресей) оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.

Өтініш берушілер 26.04.2021ж дейін 241 кеңсесіне (бас ғимарат) хабарласуы керек.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

– GPA – 3.0 және одан жоғары.
– Орыс тілін білу.
– Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

https://www.spbstu.ru/upload/inter/russian_edu_programs_international.pdf

https://moeobrazovanie.ru/ugntu/?specs

http://www.sibstrin.ru/facult/

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. оқу жұмыс жоспары (картаға оқуға жоспарланған пәндер, күзгі семестр);
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. скоросшиватель;
  5. сурет 3*4 – 3 дана;
  6. мектеп аттестатының көшірмесі;
  7. файлдар – 5 дана

 

Без рубрики