«Ұлы күні Ұлыстың»


2021 жылдың 17 наурызы күні онлайн жүйесінде Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі к.ф.н., доценті Калыбекова К.С. және кафедра   профессоры ф.ғ.к., Аубакиров Н.М., аға оқытушылары М.Ә. Хасен, Ғ.М.Әбілқасовтың ұйымдастыруымен «Ұлы күні Ұлыстың»  атты әдеби – музыкалық кеш өтті

Іс – шараның мақсаты  –    Ұлттық мәдениеттті қайта жаңғырту идеясының маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Әдеби – музыкалық кешті Қарағанды техникалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, PhD докторы Құттыбай Мирас Жанатбекұлы сөз алып, ақ жол тілеп ашып берді.

Әдеби музыкалық іс – шараға ҚарТУ – нің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы жанынан құрылған «Ұлттық тәрбие тағылымы» ғылыми зерттеу үйірмесінің мүшелері: БТ 17 – 1 тобының студенті Республикалық ақындар айтысының жүлдегері Оспанов Бекарыс, CИБ -20- 2 тобының студенті Боранбай Елнұр, Мұқадас Нұрдәулет, Мұратбек Еңілік, НД – 20 – 1 тобының студенті Қасымбек Ақниет, ИС -20 -3 тобының студенті Тұйақ Батырхан,       ТЭ – 18 -1 тобының студенті Тулесов Рысбек, және кеш қонақтары Қарағанды облысы «Жас қанат» «Жұлдыз» ән байқауларының жеңімпазы               Маженов Еламан, күйші  Делфий ойындары конкурсының лауреаты Темірғалиев Дамир қатысып өнерлерін ортаға салды.

 

 

Без рубрики