Қарағанды техникалық университеті жанында ұйымдастырылған «Жас орда» жастар ұйымының ұйымдастыруымен Тау-кен факультетінің «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасы БДЖ-19-1,2 топтарының студенттері (кураторлары Н.А. Медеубаев және Б.Қ Мақашев) Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың өткен жылды еріктілер (волонтерлар) жылы деп белгілеуіне сәйкес, Қарағанды қаласындағы мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға ұйым белгіліген тізімдегі сыйлықтарды өз еріктерімен жинаған қаражаттарына, сабақтан тыс уақытта апарып, табыс етуге ат салысты. Бұл іс-шаралар студент-жастарға болашақта өздерінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін одан әрі дамытуларына ықпал етіп, өзгелерге үлгі-өнеге болатыны ақиқат.
Келешекте студенттердің мұндай «Жас орда» ұйымымен бірлескен ерікті жұмыстары — қайырымдылық іс-шаралары, сөзсіз, жалғасын таба береді және мұндай мүмкіндіктерге молынан жол ашады.