Интернационалист-жауынгерлермен кездесу


2021 жылғы 11 ақпанда Қарағанды техникалық университетінде «Ерлік сабақтары» топтамасы аясында ZOOM платформасын пайдалана отырып, Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толуына орай студенттер мен оқытушылардың жауынгер-интернационалистермен кездесуі өтті.

Кездесуге интернационалист-жауынгерлер: Айтбай Мұхтарұлы Жұматаев, Владимир Юрьевич Рябинин, Геннадий Аркадьевич Эм қатысты.

Ардагерлер өз үлестеріне түскен сынақтар туралы, біздің жігіттердің батылдығы, табандылығы туралы; қазіргі заманғы жастарға әскери-патриоттық тәрбиені күшейту қажеттілігі туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу ризашылық және достық жағдайда өтті. Кездесу ұйымдастырушылары қонақтарға алғыстарын білдіріп, оларға денсаулық тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

 

 

Без рубрики